Алматы, 2026 жылғы 29 тамыз. Orbis Auto автомобиль тобы Қазақстанда Volkswagen және Jetta ресми дилерлік желісін ашады. Бірінші кезеңде елдің жеті қаласында – Алматыда, Астанада, Шымкентте, Қостанайда, Оралда, Ақтауда және Атырауда – сегіз орталық жұмыс істей бастайды. Барлық орталықта клиенттер үшін автомобиль сату, сервистік қызмет көрсету және түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолжетімді болады.
Дилерлік орталықтарда жеті модельден тұратын бастапқы желінің барлығы ұсынылған: Volkswagen Bora және Passat седандары, Volkswagen Tayron және Talagon кроссоверлері, сондай-ақ Jetta VA7, VS7 және VS8. Барлық автомобиль үш жылға немесе 100 000 км жүріске, қайсысы бұрын болса соған, зауыттық кепілдікпен жеткізіледі.

Барлық орталық сатуды ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсетуге және клиенттік сервис сапасына қатысты Volkswagen-нің бірыңғай талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Бұл сатып алушыға қай қалада болса да бірдей деңгейдегі қызмет көрсетуге кепілдік береді.
Алматы
Елдің ең ірі қаласында бірден екі орталық ашылады және әрқайсысы екі брендті де ұсынады. Олар – Volkswagen Centre Almaty және Volkswagen Gallery Almaty, сондай-ақ JETTA Centre Almaty және JETTA Gallery Almaty. Орталықтар қаланың әр бөлігінде орналасқан, бұл мегаполис тұрғындары үшін ресми сервис пен сатуды қолжетімдірек етеді.
Астана
Елордада Volkswagen Centre Astana және JETTA Centre Astana жұмысын бастайды. Олар Астана мен оған іргелес өңірлердің клиенттеріне қызмет көрсетеді.
«Біз басынан бастап клиентті қолдаудың толыққанды инфрақұрылымын құрып жатырмыз: ресми дилерлік және сервистік орталықтар, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізу жүйесі және дайындықтан өткен мамандар командасы. Біз үшін іске қосудың ауқымы модельдер мен қалалардың санымен ғана емес, ең алдымен автомобильді иелену кезеңінің бәрінде бірыңғай қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ете алуымызбен өлшенеді», – деп атап өтті Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Искакова.
«Қазақстандық сатып алушы жергілікті жағдайларға бейімделген, зауыттық кепілдікпен, кәсіби сервиспен және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қолжетімділікпен қамтамасыз етілген ресми автомобиль алады», – деп атап өтті Volkswagen және Jetta-ның Қазақстандағы дистрибуция директоры Роман Кузьмин.
Volkswagen және Jetta дилерлік орталықтарының мекенжайлары
- Алматы: Volkswagen Centre Almaty, JETTA Centre Almaty – Халиуллин көшесі, 196Б; Volkswagen Gallery Almaty, JETTA Gallery Almaty – Әл-Фараби даңғылы, 21
- Астана: Volkswagen Centre Astana, JETTA Centre Astana – Тұран даңғылы, 78
- Шымкент: Volkswagen Centre Shymkent, JETTA Centre Shymkent – Темірлан тас жолы, 90Б
- Қостанай: Volkswagen Autodom Kostanay, JETTA Autodom Kostanay – Баймағамбетов көшесі, 153
- Орал: Volkswagen Centre Uralsk, JETTA Centre Uralsk – Абай даңғылы, 246/6Б
- Ақтау: Volkswagen Centre Aktau, JETTA Centre Aktau – 23 шағын аудан, 38-ғимарат
- Атырау: Volkswagen Centre Atyrau, JETTA Centre Atyrau – Әбілқайыр хан даңғылы, 91